ардагер
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Астаналық ардагерлер Жеңіс күніне орай 2 миллион теңге алады
Астана әкімдігі Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңге көлемінде біржолғы көмек берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Алматыда соғыс ардагерлері 2 млн теңгеден алады
Алматыда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмек екі еселенеді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Зейнеткерлер Амал мерекесін атап өтті
Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Амал» мерекесі атап өтіліп, орталықтың қызмет алушы зейнеткерлері Наурыз айының басталуын көрісуден бастады. Ақсақалдар келушілерге бата беріп, ақжарма тілек арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Танымал спорт комментаторы өмірден өтті
1968-2003 жылдары Қазақ телевизиясында редактор, комментатор қызметін атқарған ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, облыс орталығы – Қонаев қаласында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 13 Ақпан, 2024
Шымкентте сарбаздар ардагерлермен кездесті
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сарбаздарымен дәстүрлі кездесу өтті. Кездесу Ауған соғысына қатысқан сарбаздар мен офицерлердің ерліктерін есте сақтап, өскелең ұрпақты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
185 мың теңге жәрдемақыны ақпан айында кімдер алады – министрлік жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде ақпан айында бір реттік жәрдемақыны кімдер алатынын түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Алматы облысында полицейлерге арналған тәлімгерлік кеңес құрылды
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының төрағалығымен тәлімгерлер кеңесін құру бойынша жиын өткізілді. Жиынға полиция бастығының орынбасарлары, сондай-ақ ведомствоның дербес басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары және ардагерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 28 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер 101 жасқа толған майдангерді құттықтады
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітовті 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Өз кезегінде туған күн иесі жастарға батасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2023
Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2023
Абай облысында ардагерлер орталығы ашылды
Мәжіліс депутаты, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапары барысында Ардагерлер орталығының ашылуына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 19 Қыркүйек, 2023
Мақсатын заңмен ұштастырған сала сардары
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы сынды тарихта таңбаланған адамзат баласының әділ өмір сүруі мен құқығын қамтамасыз етіп, қоғамда бейберекетсіздіктің орын алмауын көздеген құнды құжаттар көне заманнан мұраға қалып келеді. Тәуелсіз ел атанып, еңсе тіктеген шақта біздің де Ата Заңымыз қабылданды. Өткен жылы жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Конституцияға біраз өзгеріс енгізілгені де мәлім. Содан бері Конституция әр азамат өмірінің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істеп келеді. Заман өзгерсе де, мамандық иелерінің жұмысы артпаса, еш азаймайды. Еңбек жолын сонау 70-ші жылдарда бастаған ардагерлер Қазақстанның түрлі кезеңдердегі қиын-қыстау әрі гүлденген тұстарына куә болған. Осы орайда заң саласында 63 жыл қажырлы еңбек еткен 83 жастағы ардагер Айшагүл Күзембаевамен жүздесіп, жылы әңгімелестік.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2023
Кентауда соғыс ардагері баспаналы болды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Кентау қаласында Конституция мерекесіне орай, облыс әкімінің тапсырмасымен Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребаевқа жаңа пәтердің кілті табысталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 23 Тамыз, 2023
Оқу-ағарту министрлігі жанынан ардагерлер кеңесі құрылды
Оқу-ағарту министрлігі жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Тамыз, 2023
Екібастұз ардагерлері Президенттен жылу жүйесіндегі мәселелерді өз бақылауына алуды сұрады
Мемлекет басшысы Екібастұз қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 26 Шілде, 2023
Астанада кезекті ардагерлер кеңесі құрылды
Астананың Нұра ауданында алтыншы ардагерлер кеңесі құрылды. Оның төрағасы болып 70 жастағы академик Айтмағамбет Аипов сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Маусым, 2023
Қазақ қашан да жақсысын жарқыратып көрсетуге, онымен мақтануға бейім халық. Азаматын ардақтап, есімін ұлықтайтын ұлдар барда, ағалар салған сара жол сақталады. Сол даңғылдың бойымен ұрпақтар келешекке қадам жасайды. Міне, кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің сабақтастығы осында жатса керек.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2023
Ұлттық ұландықтар 101 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады
Өскеменде тұратын Анастасия Светочёва биыл 9 мамыр 101 жасқа толады. Жылда туылған күнін Жеңіс күнімен қатар тойлайтын ардагерді 3477 әскери бөлімінің командирі және 5518 әскери бөлімінің сарбаздары мен оркестрі, сонымен қатар «Жас бүркіт» әскер-патриоттық клубының оқушылары арнайы құттықтап қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2023
Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Отан қорғаушы күні таяғанда елдегі еңбек ұжымдары азаматтарды құттықтап, мерейін асырып жатады. Мереке қарсаңында «Астана тазалық» кәсіпорнының ұжымы Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Қоғам • 08 Мамыр, 2023
«Ер есімі ел есінде» жобасы іске қосылды
Елімізде Ұлы отан соғысы ардагерлерінің электронды базасы жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2023
Шығыс Қазақстанда 17 ардагер 1,5 млн теңгеден алды
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 17 ардагері, 113 марапатталған тыл еңбеккері, наградасыз 5601 тыл еңбеккері, сондай-ақ 2153 адам Ұлы Отан соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне қаржылай көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2023
Алматыда соғыс ардагерлеріне қандай қолдау көрсетіледі?
Алматы қаласы әкімдігі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай көмек көрсетілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Мамыр, 2023
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2023
ШҚО-да соғыс ардагерлері 1,5 миллион теңгеден алды
Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайрғазинов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Мамыр, 2023
Жамбыл облысындағы ардагерлер 1,5 млн теңгеден алады
Жамбыл облысында Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?
Бүгін өткен Мәжіліс отырысы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда тұрып жатқан ҰОС ардагерлерінің санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2023
«Жеңіс» жобасы: Ардагерлерге көмек үшін 115 миллион теңге қарастырылған
Қасиетті Рамазан күндерінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының басшылары «Жеңіс» жобасының аясында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Наурыз, 2023
Президент жүз жасаған соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады
Президент жүз жасаған соғыс ардагері Иван Гапичпен және 96 жастағы өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.