Президент • 09 Тамыз, 2023

Екібастұз ардагерлері Президенттен жылу жүйесіндегі мәселелерді өз бақылауына алуды сұрады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Екібастұз қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екібастұз ардагерлері Президенттен жылу жүйесіндегі мәселелерді өз бақылауына алуды сұрады

Екібастұз қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов Президенттен жылу жүйесіндегі жөндеу жұмыстарын жеке бақылауына алуды және қалалық «Шахтер» саябағын жөндеуді сұрады. Президент қаланы абаттандыру мәселесі шешілетінін айтты.

«Орынды сауал. Жалпы, Екібастұз – өте керемет қала. Мен өзім бұл қаланы жақсы көремін. Бұл қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету керек. Міндетті түрде. Сондықтан мұндай тапсырманы әкімшілікке беріп жатырмын. Бұл жұмыс орындалады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ. Тек қана саябақ емес, басқа мәселелер де бар. Бұл түйткілдердің бәрін міндетті түрде шешу керек. Әкім жаңадан тағайындалды. Сондықтан жұмыс өте көп», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.