Жамбыл облысы ІІД-нің хабарлауынша, Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының көзі тірі ардагерлерінің әрқайсысын мерекемен құттықтау жоспарланып отыр.
«Облыста 17 соғыс ардагері тұрады. Таразда 11 ардагер, Байзақ пен Талас өңірінде 1, Меркі мен Сарысу өңірінде 2 ардагерден тұрады», деп түсіндірді ведомстводан.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға 1,5 млн теңге көлемінде материалдық қолдау көрсету жоспарланды.
1941 жылы 400 мыңдай халқы болған Жамбыл облысынан майданға 100 мыңнан астам жауынгер аттанды. Жамбыл облысының 39 азаматы Кеңес Одағының Батыры, 9-ы Даңқ орденінің иегері атанды.
2021 жылы облыста 35 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрса, облыс орталығында 20 ардагер тұрды.
Өткен жылы Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 23 ардагері тұрған.