Спорт • Бүгін, 11:53

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құраманың қорғаушысы Михаил Габышев футболшы ретіндегі кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады

Михаил Габышев Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның ең есте қалған сәттерінің бірі – Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына соққан голы. Сол кездесуде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қақпашы Темірлан Анарбековке Түркия көз тігіп отыр

Футболшы мансабында «Шахтер», «Атырау», «Астана», «Каспий» және «Елімай» командаларында ойнады.

Ұлттық құрама қақпашысы шетел чемпионатындағы үшінші трофейін жеңіп алды

Қазақстан футбол федерациясы спортшының ел футболына қосқан үлесі мен ұлттық құрамадағы еңбегі үшін алғыс білдіретіндігін жеткізген.

Соңғы жаңалықтар