Білім • 23 Тамыз, 2023

Оқу-ағарту министрлігі жанынан ардагерлер кеңесі құрылды

2697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігі жанынан ардагерлер кеңесі құрылды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі. Инстаграм

Ардагерлер кеңесі құрамына білім беру саласында беделі жоғары құрметті қызметкерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері және тағы басқалар енген. Аталған кеңес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту мен дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді қабылдау мақсатында құрылған. 

Білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, қоғам және мемлекет қайраткері Жақсыбек Күлекеев ашық дауыс беру әдісі арқылы кеңес төрағасы болып сайланды.

«Кеңес құрамын дана ұстаздардың қатарымен толықтыру білім беру жүйесінің сапасын арттыруға көмектеседі. Біз көпжылдық тәжірибесі бар әріптестеріміздің кәсіби көмегіне сенім артамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен балаларымыз үшін барынша жақсы жағдай жасалады деп сенемін», деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.