Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Астаналық ардагерлер Жеңіс күніне орай 2 миллион теңге алады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігі Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңге көлемінде біржолғы көмек берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астаналық ардагерлер Жеңіс күніне орай 2 миллион теңге алады

фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің шешімі бойынша, Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне төленетін төлем сомасы екі есе ұлғайды. Енді ардагерлер 2 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда елордада екінші дүниежүзілік соғыстың жеті ардагері тұрады.

«Сонымен қатар төлемдерді екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (соғыс кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдар және олардың балалары) - 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде ақша алады», деп толықтырды әкімдік қызметкерлері.

Басқа елдердің аумағында өткен әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне 45 АЕК (166 140 теңге) көлемінде ақша төленеді.

«Ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ардагерлердің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде алады.

Бұған дейін Алматы қаласында тұратын соғыс ардагерлеріне төленетін төлем сомасы да екі есе ұлғайғанын хабарлаған едік.