Фото: Sputnik.kz (Телеграм)
Робот-қасқыр күн энергиясымен жұмыс істейтін панельдермен, датчиктермен және дыбыс шығаратын құрылғылармен жабдықталған. Ол 50-ден астам түрлі дыбысты шығарып, 1 км-ге дейінгі қашықтықта әсер ете алады. Құрылғы жануар жақындаған кезде автоматты түрде іске қосылады.
Өндіруші компанияның мәліметінше, алдағы уақытта роботтың жаңа нұсқасы әзірленіп жатыр. Жаңартылған модель дөңгелекпен қозғалып, аумақтарды өздігінен патрульдеуге қабілетті болады.
Роботтардың негізгі тұтынушылары – фермерлер мен ауыл шаруашылығы жерлерінің иелері. Мұндай технологияға сұраныстың артуы соңғы жылдары аюлардың елді мекендерге жиі келуімен байланысты. Ресми деректерге сәйкес, Жапонияда соңғы жылдары аю шабуылынан 13 адам қаза тапқан.
Бұған дейін Қытайда полицейлерді роботтардың алмастыруы туралы жазғанбыз.