Әлем • Бүгін, 12:19

Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында көше тәртібін қадағалау үшін роботтандырылған полицейлер қызметке кірісті. «Ақылды» патрульдер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол ережесін сақтауын бақылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

Associated Press агенттігінің дерегінше, роботтар тек қауіпсіздікті күзетіп қана қоймай, қозғалысты реттеуге және туристерге бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Дауыстық командаларды түсінетін бұл құрылғылар кез келген жағдайға жедел әрекет ету қабілетіне ие.

Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды

Қазіргі таңда қала көшелерінде 15 робот тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұл адамдарға түсетін жүктемені азайтып, трафикті басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетейік, жаңа жүйе толық іске қосылмас бұрын жаппай іс-шаралар мен марафондар кезінде сынақтан өткізілген. Енді роботтар тұрақты негізде ресми қызметіне көшті.

Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді

Соңғы жаңалықтар