Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Алматыда соғыс ардагерлері 2 млн теңгеден алады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмек екі еселенеді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда соғыс ардагерлері 2 млн теңгеден алады

фото: aikyn.kz

Бүгінгі таңда Алматыда 44 соғыс ардагері тұрады.

Алматы мәслихатының депутаттары VIII шақырылған мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясында қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, жыл сайын Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша біз біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім енгіземіз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады», деп түсіндірді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.