Қоғамдық бірлестік зейнеткерлердің, ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен, аға буынның бос уақытын тиімді ұйымдастырумен айналысатын болады. Ардагерлер кеңесінің қызметі бүкіл ауданды, оның ішінде Үркер елді мекенін де қамтымақ.
«Бүгіннен бастап ауданның зейнеткерлері мен ардагерлерін біріктіру үшін жұмыс істейтін боламыз. Бізге әлеуметтік, мәдени және қоғамдық мәселелер бойынша жүгінуге болады. Меценаттармен бірге әлеуметтік аз қамтылған, жалғыз тұратын зейнеткерлерге қамқорлық көрсетеміз. Сондай-ақ қалалық мекемелер жанындағы ардагерлер орталықтары мен ұйымдарын одан әрі дамытатын боламыз. Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтамын», деп атап өтті Айтмағамбет Аипов.
Қазіргі уақытта елордада 128 мыңнан астам зейнеткер бар. Зейнеткерлік жасқа толған әрбір адам тұратын жері бойынша әр аудандағы ардагерлер кеңесінің қатырына қосыла алады. Бұдан бөлек, жалпы қала бойынша қызмет ететін ардагерлер кеңесі де бар.