«Бүгінде Ұлы Отан соғысының 17 ардагеріне Жеңіс күніне орай 1 млн 500 мың теңгеден жалпы сомасы 25 500 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген және басқа санаттағы 2153 адамға 100 мың теңгеден жалпы сомасы 215 300 мың теңге; 113 тыл еңбеккеріне 100 000 теңгеден жалпы сомасы 11 370 000 теңге сыйақы берілді», деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов.
Сондай-ақ марапатсыз 5 601 тыл еңбеккеріне 50 000 теңгеден жалпы сомасы 280 50 000 теңге берілді.
2023 жылдың 9 мамырына бюджет қаражаты есебінен төлемдердің жалпы сомасы 532 млн 220 мың теңгені құрады.