• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Мамыр, 2021

Алексей Цой вакцина алғандардың неліктен қайта ауырып қалғанын түсіндірді

3735 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алғандардың неліктен қайта ауырып қалғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда коронавирус вакцинасын алған азаматтардың тек 0,02 пайызы ғана вируста қайта жұқтырып алған деседі.

«Жалпы алғанда, вакцинация процесінің қазіргі уақытта өте белсенді жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бүгінде азаматтарымыз вакцинаға үлкен сенім арта бастады. Вакцина алған азаматтардың ішінде тек шамамен 0,02 пайызы ғана ауырып қалды», деді министр.

Министрдің айтуынша, мұндай көрсеткіш вакцинаның тиімді екендігін көрсетеді.

«Ол айқын көрініп тұр. Әрине, вакцинациялаудың мұнан арғы қарқыны денсаулық сақтау жүйесінің үйлесімді жұмысына, сонымен қатар азаматтардың түсінігіне, жақындары үшін дұрыс таңдау жасауына және ұжымдық иммунитеттің дамуына байланысты екендігін атап өткім келеді», деді Алексей Цой.