Түркияда 7 мамырдан бастап елде коронавирустың өршуіне байланысты карантин талаптары қатаңдатылады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«7 мамырдан бастап дүкендерде, соның ішінде желілік супермаркеттерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары, жануарларға арналған тамақ және косметикалық құралдар (парфюмерия мен макияжға арналған құралдардан басқа) сатуға рұқсат етіледі», делінген ведомствоның хабарламасында.
Елде алкоголь, электроника, ойыншықтар, канцелярия және киім сатуға тыйым салынады.
Айта кетейік, қолданыстағы шектеулерге сәйкес, Түркия тұрғындары 29 сәуірден 17 мамырға дейін негізгі азық-түлік сатып алу және жедел медициналық көмек сияқты кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, үйден шықпауы керек.