Грузияда 26 жастағы қазақстандық белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марқұмның есімі Әсел Айтпаева. Оның немере сіңлісі қыздың ажал құшар алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткен даусы жазылып қалған.
Сіңлісінің айтуынша, Әсел Айтпаева Грузияға туысқанының шақыруы бойынша уақытша табыс табуға кеткен екен. Бірнеше күн бұрын байланысқа шықпай қалған. Соңғы аудиожазба 5 мамырда келген.