• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2021

Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті

Алматы қаласында жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті. Оқыс оқиға 5 мамыр сағат 11:40 шамасында Науаи көшесі бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Zhontong автобусының жүргізушісі Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар