Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері Қазақстан аумағында мерекелік ауа райы болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлерінде нөсер жаңбыр күтілуде. Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігіне айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады, алайда солтүстік облыстарда температура 12...20°С дейін төмендейді.