• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Мамыр, 2021

Амманға аттанды

112 рет
көрсетілді

21-22 мамыр аралығында Иорданияның астанасы – Амманда таеквондодан Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазірдің өзінде Қазақстанның ұлттық құрамасы айтулы араб мемлекетіне аттанып, сол жақтa оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жиын 18 мамырға дейін жалғасады. Содан кейін сары құрлықтың бірқатар елдері өкілдерінің басын қосқан лицензиялық турнир басталады.

Бұл жарыста Қазақ елі намысын Қайрат Сарымсақов (68 кило), Руслан Жапаров (80 кило), Фариза Алдаңғорова (49 кило) және Жансел Дениз (+67 кило) сынды таеквондошылар қорғайды.