• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2021

Шымкентте гастроэнтерология және диетология орталығы ашылды

473 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында «GastroMed» гастроэнтерология және диетология орталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы және Алматы қаласынан арнайы келген қонақтарға медициналық орталықты таныстырған бас дәрігер Ләззат Сыздықова «Gastromed» – осы сала бойынша үшінші мегаполис пен Түркістан облысындағы тұңғыш жоғары деңгейлі мамандандырылған орталық екенін, мұнда білікті кәсіби мамандар командасы жұмыс істейтінін айтты. «Медициналық орталық асқазан-ішек жолдары, эндрокиндік жүйе ауруларын амбулаториялық дәрежеде емдейді. Тік ішек мәселесімен келген науқастарға кішігірім оталар жасалады. Олар экспертті деңгейдегі қондырғаларда медициналық тексеруден өтіп, жоғары білікті дәрігерлерден консультация ала алады. Сонымен қатар біздің орталықта науқасқа зертханалық талдаудың барлық түрі жүргізіледі», дейді Ләззат Ишанбекқызы. Орталықта гастроэнтеролог дәрігерлерден бөлек, диетолог, проктологтар да науқастарға қызмет көрсетуге дайын. Әр дәрігердің кабинеті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, заманауи эндоскопиялық аппараттармен жабдықталған.

С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Нерсесов жаңа медициналық орталықтың жұмысына оң баға берді. «Бұл орталықтың ең басты артықшылығы – білікті мамандарында деп білемін. Мұнда Түркістан облысының, Шымкент қаласының ең үздік гастроэнтеролог мамандары жиналған. Ал кез-келген мекеменің жүрегі – білікті мамандар ғой. «GastroMed» осындай білікті мамандарымен науқастарға өте сапалы ем-дом шараларын жүргізіп, сенім үдесінен шыға біледі деген ойдамын», деді профессор.

 

 

Шымкент