• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Мамыр, 2021

Бар үмітіміз Алмат Кебісбаевта

334 рет
көрсетілді

Болгарияның астанасы – Софияда Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынуда. Бүгінгі жарыс күнін грек-рим күресі шеберлері қорытындылауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өкіншіке қарай, 97 келіге дейінгі салмақта белдескен Олжас Сырлыбай алғашқы айналымда жапониялық Юта Нарамен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Сол секілді Әлімхан Сыздықовтың да жолы болмады. 130 кило салмақта күш сынасқан қандасымыз румыниялық Ален Алекук Чурарюға есе жіберді. Негізі бұл бәсеке 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Алайда соңғы ұпайды қарсыласы жасағандықтан жеңіс соның уысында кетті.

67 кило салмақта өнер көрсетіп жатқан Алмат Кебісбаев тұсаукесер кездесуінде Венесуэланың өкілі Энтони Хавьер Паленсия Пуентеспен 5:3 есебімен ұтты. Келесі кезеңде ол түркиялық Энес Башармен белдеседі.