Болгарияның астанасы – Софияда өтіп жатқан Олимпия ойындарының іріктеу турнирінің нәтижесі бойынша мына еркін күрес шеберлері Токиодағы додада күш сынасу құрметіне ие болды.
57 кило – Юки Такахаши (Жапония) мен Бехбаяр Ерденебат (Моңғолия)
65 кило – Магомедмұрат Гаджиев (Польша) мен Георгиос Пелидис (Грекия)
74 кило – Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь) пен Василий Михайлов (Украина),
86 кило – Сохсуке Такатаини (Жапония) мен Борис Макоев (Словакия)
97 кило – Абрахам Де Жезус Кониедо Руано (Италия) мен Альберт Саритов (Румыния)
125 кило – Сергей Козырев (Ресей) пен Сумит Сумит (Үндістан).