• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Мамыр, 2021

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

177 рет
көрсетілді

9 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 мамырында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.