• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Мамыр, 2021

Республикада жетімдер баспанамен толық қамтылған ба?

396 рет
көрсетілді

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқығы бар», деп жазды Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, 2020 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан 847 пәтер, ал биыл алғашқы үш айда 403 пәтер берілген.

«Сіздің сауалыңыз бойынша Шымкент қаласының әкімдігі арқылы берілген тұрғын үйлерге тексеру жүргізілді. 2020 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 48-ге жетті», деп жазылған вице-Премьердің жауабында.

Тексеру барысында екі азаматтың «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша пәтер алса да, тізімге енгізілмегені белгілі болыпты. Бүгінгі таңда тізім жаңартылып, толықтырылған.