ШҚО полиция департаменті өңірдегі өртке байланысты соталды тергеу бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
«Қазіргі уақытта Риддер қаласының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексі 204-бабының 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу бастағанын хабарлаймыз», деді ШҚО ДП баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды.