Ғани Мырзаханов Алматы қалалық мобильділік басқарма басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді ол жолдардың жағдайы мен жолаушылар көлігі жұмысына жауап береді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Бүгінге дейін қалалық мобильділік басқармасы басшысы лауазымы бос болды. Бұл қызметке бүгін Ғани Әуезханұлы Мырзахановты тағайындадым. Ол – жол жүйесінің маманы», деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ғани Мырзаханов 2016 жылдан бастап «Алматы тазалық» кәсіпорнының басшысы болды.
Ал 2008 жылдан бастап жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Серік Құсайыновты өзінің орынбасары етіп тағайындаған болатын. Сонымен қатар Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болды.