• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Мамыр, 2021

Алматыда электр самокат мінген қызды көлік қағып кетті

339 рет
көрсетілді

Алматыда электр самокатпен бара жатқан қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 мамыр күні кешкі уақытта болған.

«Honda CRV көлігінің жүргізушісі М. Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатып Абылай хан көшесінің қиылысында оңға бұрыла бергенде электр самокат мінген 21 жастағы қызды қағып кетті. Апат салдарынан жарақат алған бойжеткен № 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілді», деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.