• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 11 Мамыр, 2021

Президент бірқатар заңға қол қойды

1806 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық істер бойынша бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.