• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

Түрмеге есірткі тасымалдап жүрген екібастұздық ұсталды

237 рет
көрсетілді

Есірткі сатқан күдікті Екібастұздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz

«ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті мен Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел қызмет қызметкерлері Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп марихуана жеткізушілердің жолын кесті», деп хабарлады Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысының Шідерті кентінде орналасқан қауіпсіздігі ең төмен АП-162/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға есірткі сатты деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп толықтырды Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға жедел уәкілі Арман Қалықов.