Өзбекстанда 10 мамырдан бастап «Салауатты өмір салты» жобасы аясында жаяу жүретін азаматтарға ақша төлене бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жобаға тек Өзбекстан азаматтары ғана қатыса алады. Ол үшін электронды үкімет порталында тіркеліп, телефонға арнайы қосымшаны жүктеп алу керек. Жоба бойынша жасы 18-ден асқан өзбекстандық 1 тәулікте 10 мың қадамнан артық жаяу жүрсе, оның шотына 125 теңге көлемінде ақша түсіп отырады.
Ал әр айдың қорытындысы бойынша ең көп жүрген адам 12 мың мен 40 мың теңге аралығында табыс таба алады. Кімнің қанша қадам жүргенін қалай анықтау керегін жергілікті билік әзірге білмей отыр. Сондықтан платформа 1 маусымға дейін сынақтан өтеді. Кейін әдісі табылғаннан соң толыққанды іске қосылады деп жоспарланған.