• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Мамыр, 2021

Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты

632 рет
көрсетілді

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында елімізде цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Цифрлық валютаны енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау өткеннен кейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді», деді Досаев Үкімет отырысында.

Пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асатынын атап өтті.

5 мамырда Ұлттық банк цифрлық валюта шешетін міндеттерді, оларды шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметтері нарығына әсерін анықтай отырып, артықшылықтар мен тәуекелдерді жан-жақты зерттеу үшін «Цифрлық теңге» баяндамасын жариялады.

Баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерін алдын ала бағалау және пилоттық жобаның сипаттамасы қамтылған. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастауға арналмаған. Егер енгізілсе, заңды төлем құралына айналады.