Қызылордалық полицейлер көлік жүргізу құқығы жоқ болса да көлік тізгіндеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Арал ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатады. Көлік руліндегі азаматтың мас екендігі анықталды. Тіпті ол 2019 жылдың 16 қаңтарында көлік құралын жүргізу құқығынан 5 жылға айырылған екен
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылып, заңға бағынбаған жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.