• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

Қостанай облысында адам өлтірген күдіктіні ұстаған әкім марапатталды

189 рет
көрсетілді

Учаскелік полицейге қылмыскерді ұстауға көмектескен ауылдық округ әкімі ІІМ-нен сыйлық алды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы Қарасу ауылының әкімі Ғасырсейіт Қоржынбаевқа қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін ІІМ логотипі бар сағат сыйлап, грамотамен марапаттаған.

Еске салайық, адам өлтіру оқиғасы Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарасу ауылында болған. «102» пультіне полиция қызметкерлерін жіберу туралы өтінішпен жасырын хабарлама түскен. Шақыртуға барған учаскелік полицей зорлық-зомбылық белгілері бар 55 жастағы ауыл тұрғынының мәйітін тапқан. Сондай-ақ, пышақ жарақаты салдарынан егде жастағы әйел ауруханаға түсті. Қылмыс орнына келген учаскелік полиция қызметкері мен ауылдық округ әкімі күдіктіні іздеуге шыққан. Куәгерлердің айтуынша, күдікті тасжолға қарай бет алған.

Әкім адам өлтірген күдіктіні учаскелік полиция қызметкерімен бірге ұстаған. Полиция өкілдері тұтқындау процесі қалай өткенін айтып берді.

«47 жастағы ер адамның ізіне (күдікті) учаскелік полицей мен ауыл әкімі түскен. Әкім күдіктіні байқап, көмек шақырған. Алайда ер адам өзіне жарақат салып үлгерген. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды», деді Қостанай облыстық полиция департаменті өкілдері.