• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы Латвиядағы кітапхана директорына алғыс хат жолдады

393 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия университетінің Академиялық кітапханасының директоры Вента Коцереге екіжақты мәдени-ағартушылық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ өз елінде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Елшілігі Латвия университетінің Академиялық кітапханасымен тығыз ынтымақтастықта. В. Коцеренің тікелей қолдауымен 2019 жылы осы кітапханада Қазақстандық «Абай» ақпарат орталығы ашылды.

Академиялық кітапханасының директоры Латвия мен Қазақстан арасында мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларын дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елшілікпен бірігіп ортақ жобаларды жүзеге асыру шеңберінде одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықыласты екенін білдірді.