• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Павлодарда 7 мотоцикл жүргізушісі куәліктерінен айырылды

245 рет
көрсетілді

2021 жылдың сәуір-мамыр айларында 7 мотоцикл жүргізушісі мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн жылына салысымен қала ішінде мотоцикл жүргізетіндердің саны көбейген. Мотоцикл оқыс оқиға кезінде жарақат алу қауіпі жоғары көліктердің қатарына жатады. Сағатына 10-20 км жылдамдықпен келе жатып құлағанның өзінде жүргізуші қатты зардап шегуі мүмкін.

- Мәселен, Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының инспекторлары патрульдеу кезінде мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Сараптама нәтижелері оның көлікті мас күйінде басқарғанын көрсетті. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, -  деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.