29 мамырда «Челси» мен «Манчестер Сити» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы Португалияда өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Финал Ыстамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында өтуі керек еді. Коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткішін азайту мақсатындағы шектеулерге байланысты ойын Түркиядан Португалияның Порту қаласына ауыстырылды.
Португалия Англияның «жасыл» тізіміне енген, ал Түркия «қызыл» тізімде. Ойын өтетін елдің өзгеруіне осы жағдай себеп болса керек.
Сонымен Португалияда өтетін ойынды қос клубтан келген 12 000 жанкүйер алаңнан тамашалай алады.
«Бұл матчты жанкүйерлерсіз өткізу мүмкін емес еді. Сондықтан мен осындай мүмкіндік табылғанына қуаныштымын», дейді УЕФА президенті Александр Сеферин.
Айта кетейік, алдағы уақытта коронавирус инфекциясының таралу деңгейіне байланысты түрлі өзгерістер болуы да ғажап емес.