«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының 2021 жылғы 12 мамырдағы бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып Қобыландин Жанабай Нағымұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ж.Қобыландин 1959 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1981 жылы «Казсельхозмеханизация» ҮЕҰ инженер-конструкторы, ғылыми қызметкері болып бастаған болатын. 1993-2013 жылдары «Жаңалық» көпсалалы шағын кәсіпорнының директоры, «Шалқар» ұжымдық кәсіпорнының және Басқарма Төрағасы, «Қазақавтожол» РМК Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары, «Қазақавтожол» РМК Ақтөбе және Ақмола облыстық филиалдарының директорлары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ 2013-2018 жылдары Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Ақмола облыстық департаментінің директоры. 2018 жылдан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның үш бірдей облыстық филиалдарында директор лауазымында болды.
2020 жылдың наурызынан бастап бүгінге дейін Қазақстандағы LTD CITIC Construction Co филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.