• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Ақтөбедегі клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шығарылды

258 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 14:12-де Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесінде жеке клиникадан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жертөлені ыс басып, өрт сөндірушілер негізгі ошақты анақтады. Аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Мұнда бірден 42 қызметкер мен 7 техника өрт сөндіру жұмысына жұмылдырылды. Абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ. Ал клиника ішін түтін басқан кезде 200 адам сыртқа шықты», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Болжам бойынша от дәнекерлеу жұмысы кезінде тұтанған. Қазір төтенше жағдайлар қызметі негізгі себебін анықтап жатыр.