• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Мамыр, 2021

«Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды

1351 рет
көрсетілді

Ел астанасында мәдениет, өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды. Биылғы байқау мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

Республикалық деңгейдегі қазылар алқасының отырысы 12-14 мамыр аралығында мәдени ойын-сауық ұйымы бойынша – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйы­мын­­да; кітапхана ісі бойынша – Ұлттық академиялық кі­тапханада; музей ісі бойын­ша – Ұлттық музейде өтіп жа­тыр. Əділ қазылардың отырысы аталған ұйымдардың әлеу­меттік желідегі парақ­ша­ларынан тіке­лей эфирде көр­сетіледі.

Ал 18-21 мамыр аралығында фестивальдің бірқатар іс-ша­расы (салтанатты марапаттау рәсімі, шетелдік сарапшының қатысуымен шеберлік сынып­тары және т.б.) Көкшетау қала­сында өтеді.

Фестивальдің ашылу салтанатына қатысқан Мəдениет жəне спорт министрлігі, Мə­де­ниет жəне өнер істері де­пар­таментінің директоры Күміс Сейітова жыл өткен сайын жұ­мысын республика дең­гейін­де көрсеткісі келетін ұйым мен қызметкерлер саны артып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде байқауға еліміздің 15 өңірінен кітапхана, музей және мәдени-демалыс қызметі бойынша 300-ден астам өтініш келіп түсті. Мəселен, алғаш рет ұйымдастырғанда қатысушы саны 100-ге жуықтаған еді. Жыл өткен сайын ауыл, аудан, қаладағы мəдениет ошақ­тарының қызметін жандан­ды­руға бағытталған байқау ке­­ңінен танылып келеді. Осы фестивальде үздік шыққан ұйым бір миллион, топ жар­ған қызметкер 500 мың тең­ге сыйақы алады. Биыл фес­­ти­­вальдің мамыр айында өткі­зілуінің өзіндік себебі бар. Үз­­діктерді марапаттау рәсімі бас­талатын 18 мамыр – Ха­лық­аралық музей күніне, 21 мамыр – еліміздің мəде­ниет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды», деді ол.

Айта кетейік, аталған бай­қау мәдениет саласы қыз­мет­керлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамытып, өңірдегі мәдениет ұйымдарының имид­жін арттыруды мақсат тұтып отыр.

Сондай-ақ фестиваль аясында үздік мемлекеттік музей (облыс, аудан (қалалық) ма­­ңызы бар), мемлекеттік кітап­­хана (облыстық, аудан­дық (қа­лалық), ауылдық маңы­­зы бар), мемлекеттік мәде­­ни ойын-сауық ұйымы (об­лыс­­­тық, аудандық (қала­лық) ма­ңызы бар) мен мәде­ниет ұйым­дарының үздік қызметкерлері анықталады.