Елімізде 8 мыңнан астам теміржолшы коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 13 мамырдағы жағдай бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да сегіз мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы екпе алған.
«Екпе қабылдау қарқыны бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері алдыңғы қатарда, ол мекемеде 3 800-ден астам жұмысшы вакцина алды. Магистральдық желі дирекциясында 2,5 мыңнан астам адам, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 600-ге жуық қызметкер вакцинациядан өтті», делінген хабарламада.
Ең белсенді вакцинациялау компанияның Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы мекемелерінде жүргізіліп жатыр. Осы аймақтардағы ұлттық компания құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін мыңнан астам теміржолшы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған.