Ұлттық тасымалдаушы компания Алакөл бағытына қосымша жазғы пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.
17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жөнелтіледі.
17 маусымнан бастап №459/460 «Өскемен-1-Достық» пойызы күнара жүреді. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жүреді.
20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» пойызы аптасына 2 рет жексенбі және бейсенбі күндері қатынайды.
Нұр-Сұлтаннан - дүйсенбі, ал Достықтан - жұма күндері жүреді.
«Сондай-ақ демалыс аймағына аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, жазғы кезеңде құрамында «Нұр-Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар екенін еске саламыз», делінген хабарламада.