Винсент Ван Гогтың (1853-1890) «Тренктаедағы көпір» картинасы бейсенбі күні Нью-Йорктің Christie's бәссаудасында 39,2 млн долларға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Голландияның импрессионист суретшісі Ван Гог бұл картинаны 1888 жылы салған. Лоттың құны 34 млн долларды құраған. Алайда картинаның жаңа иесіне барлық қосымша төлемдерді есептегенде, жалпы 39,29 млн доллар төлеуіне тура келеді. Ван Гог 2100-ден астам туындының авторы, соның ішінде 860-қа жуық картина майлы бояумен салынған. Олардың арасында портреттер, автопортреттер, түрлі пейзаждар мен натюрморттар бар.
Аукцион ұйымдастырушылары Ван Гог бұл картинаны өз шығармашылығының ең жемісті кезеңдерінің бірінде салғанын айтады.