Атырауда бокстан Қазақстан Республикасының V жастар ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz.
Жастар ойындары аясындағы бокс бәсекелері 17-23 мамыр аралығына жоспарланған.
Сайыс 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша ұйымастырылады. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 370-тен астам спортшы келеді.
Төрт жылда бір өтетін ойындарға жақында ғана әлем чемпионатына қатысқан боксшылар да бақ сынамақ. Жарыс барысын Атырау бокс федерациясының ютуб желісінен тікелей эфирде көрсетіледі.