Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифигте Щучье қаласында Спорт сарайының құрылысы басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, байқау рәсімдері өткізілді. Спорт кешені пайдалануға берілген кезде 200-ден астам бала жекпе-жек түрлерімен айналысатын болады», деп атап өтті.
Аудан әкімінің айтуынша, жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны артып келеді. Мәдени бос уақытты ұйымдастыру үшін 34 кітапхана, 9 клуб мекемесі жұмыс істейді. Халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлініп жатыр.