• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2021

Семейде карантин шектеулерін бұзғандарға айыппұл салынды

178 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін сақтамайтындар әлі де анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«14 мамыр күні Семей қаласында 298 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 5 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды. 379 210 теңге сомасына 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ бұрын тіркелген бұзушылықтар бойынша 87 510 теңге мөлшерінде 2 айыппұл өндірілді», делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Курчатов қаласында тексеру барысында 29 нысан қамтылған. Ал Бесқарағай ауданында 21 объекті тексерілді. Карантин талаптарын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Одан өзге, Үржар, Абай, Шемонаиха, Күршім, Зайсан және Аягөз аудандарында рейдтер жүргізілгенімен, бұзушылықтар анықталған жоқ.