• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Мамыр, 2021

Зинедин Зидан «Реал Мадридтен» кететінін айтты

252 рет
көрсетілді

Зинедин Зидан бұл шешімін «Севильяға» қарсы матч (2:2) алдында жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін мәлімдеді.

 

Кейбір басылымдар 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршағандықтан, клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келетінін жазды.

Ол «Реал Мадридті» 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанған.

36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. «Атлетико Мадрид» 80 ұпаймен көш бастап келеді.