• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2021

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

611 рет
көрсетілді

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде қала тұрғындары – 11 млн 204 мың 800 (59,2%), ауыл тұрғындары – 7 млн 735 мың 600 мың адамды (40,8%) құрайды. 2020 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 250,2 мыңға немесе 1,3% артты.

2021 жылғы қаңтар-наурыз айларында республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда (61,5 мың адам) 4,6% өсіп, 64,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 13,73 адам.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде 36,1 мың адам қайтыс болды. Бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларына (31,2 мың адам) қарағанда 15,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,71 адам.

Қаңтар-наурыз аралығында 1 жасқа дейін шетінеген 815 нәресте тіркеліп, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (796 шетінеген нәресте) 2,4% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,11 оқиғаны құрады.