• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2021

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 мыңнан аса науқас ем қабылдауда

66 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 134 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 476, симптомсыз – 73 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 60, келіп түскені – 163.

«Инфекциялық стационарларда 3 134 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 6 060), оның ішінде 115 бала емделіп жатыр», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 226 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 618 науқас бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 3183 науқас. 435 адамда коронавирус белгілері жоқ.