• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Мамыр, 2021

Доллар арзандап, мұнай қымбаттады

301 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан қор биржасы доллардың орташа бағамы 427,14 теңгені құрап, 1,48 теңгеге төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақша айырбастау нысандарында долларды 426,5 теңгеден сатып, 427,9 теңгеден сатып алып жатыр.

Десе де, бүгінгі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын байқауға болады. Себебі шілде айына WTI мұнай фьючерстері 0,12%-ға өсіп, барреліне 65,45 долларға жуықтайды.

Сондай-ақ Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,04%-ға, яғни барреліне $68,74-ке дейін артты.