Батыс Қазақстанда жаппай ауруханаға түскен мұнайшыларға гастроэнтероколит деген диагноз қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, дәрігерлер көмегіне 9 адам жүгінген. Компанияның 7 қызметкері Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында орналасқан асхананың бірінде кешкі ас ішкені анықталды. Сондай-ақ 2 жұмысшы кешкі асты үйге алып кеткен. Нәтижесінде, тамақтан тағы екі адам уланып қалды.
Оның ішінде 6 науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылса, ал 2-еуі жансақтау бөліміне ауыстырылды.
«Бүгінде барлық науқас аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Үш науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом қабылдап жатыр. Барлығының ауруы орташа ауырлық дәрежесінде», деп түсіндірді СЭК өкілі.
Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ауруханасына тамақтан уланған алты науқас түскен. Олардың барлығы облыстағы мұнай-газ компаниясының қызметкерлері.
Санитарлық эпидемиологтер жұмысшылар тамақтанған компания асханасында тексеру жұмыстарын бастады.