• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2021

Ashyq: Елорда әуежайында «қызыл» белгісі бар 39 жолаушы анықталды

485 рет
көрсетілді

Астаналық әуежайда бір аптаның ішінде Ashyq жобасы арқылы 36 «сары» мен 39 «қызыл» жолаушы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір аптада Ashyq қосымшасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда 36 «сары» мен 39 «қызыл» жолаушы анықталды. Алгоритмге сәйкес, статусы «қызыл» жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, артынша ауруханаға жеткізілді», дейді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері. 

12 мамырдан бастап әуежайда Ashyq қосымшасы іске қосылған болатын. Жолаушылар әуежайға келгенге дейін статусын мобильді қосымша арқылы тексеріп алуы керек. 

«Сары» және «қызыл» статусы бар жолаушылар ғимаратқа кіргізілмейді. Рейске өтпеген жағдайда ақшаны қайтару мәселесі бойынша әуе компаниясына жүгіну керек», деді әуежай өкілдері.