• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Мамыр, 2021

Ресейде тікұшақ құлап, бір адам көз жұмды

608 рет
көрсетілді

Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасының дерегінше, 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан. Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келген.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған. Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.